- Демалыс күндері турлар
Демалыс күндері турлар
Қала сыртындағы танымдық экскурсиялық тур Қарағанды облысына ұйымдастырылады. Бағдарламада шахтер мамандығымен танысу бар. Тур кең ауқымды аудиторияға арналған.
Ақмол деп аталатын Тайтөбе шоқысы мен Қабанбай батыр кесенесіне барамыз.
Бұл – ұмытылмас әрі әсерге толы тур, онда сіз Ақмол аталған жер және Ақмола қаласының атауы қайдан шыққаны туралы білесіз.
Сондай-ақ біз осы аумақта қандай тайпалар мен атақты адамдар өмір сүргенін, аңызға айналған Қабанбай батыр жайлы және оның кесенесі неге дәл осы жерде орналасқанын білеміз.
Ақмола облысындағы мұражай-мемориалдық кешенде сіздердің назарларыңызға түрлі елдердің елшіліктері қойған ескерткіш белгілер мен терең мағынаға ие композициялар ұсынылады.
Кешеннің басты нысандарының бірі – әйгілі «Қайғы-қасірет доғасы». Сонымен қатар мұнда стела, «Сталиндік вагон» және саяси тұтқын әйелдер тұрған казарма орналасқан.